Демалыс күні қала әкімі абаттандыру, жол құрылыс жұмыстары жүріп жатқан көшелер мен орындарға барып, жағдаймен танысты.
- Қазір ауа райы жылы, жаңбыр жоқ. Айларыңыз оңынан туды. Ірі нысандарды уақытында өткізіңіздер, - деді Жақсылық Омар Протозанов көшесін аралау кезінде.
Қала басшысы мердігерге құрылыс жұмыстарын бітіруге 10 күн уақыт берді. Асфальт төселгеннен кейін, нысанды абаттандыру жұмыстары басталмақ.
- Қалпына келтіру жұмыстары барысында ағын суды бұрып әкету амалдарына көп мән берілді. Кәріз жүйесі толығымен ауыстырылды, - дейді мердігер компанияның директорының орынбасары Жомарт Майбасов.