Өскемендіктер жаңа аялдама кешендерінің орналасу орындарын өздері таңдай алады
Қала басшысының айтуынша, Орджоникидзе көшесі бойындағы павильондардан кейін облыс орталығында тағы 29 кешен орнатылады
Өскемен қаласында ескі аялдама кешендерін ауыстыру жұмыстары басталды. Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында пайымдады, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Жаңа аялдама кешендері Орджоникидзе көшесі бойында орналастырылды. Қала әкімшілігі жыл соңына дейін жалпы саны 29 кешен орнатуды жоспарлауда. Ал оның 11-і жылытылған аялдамалар болады.
- Олардың орналасатын орындарын ұсына аласыздар, - деді Жақсылық Омар әлеуметтік желіде оқырмандарға. - Өз ұсыныстарыңыздың осы жазба пікіріне қалдырыңыздар. Ал біз өз кезегімізде дауыстарды санап, шешімін шығарамыз. Одан бөлек, жылытылған аялдамалардың нобайына да ұсыныс білдіруге болады.
Өскемендіктер ескі Согра ауданындағы Есенберлин даңғылында, Қабанбай батыр көшесі бойындағы "Мерей" дүкені маңында және қаланың өзге де аудандарында аялдама кешендерін орнату керектігін атап өтті.
Өз кеңестеріңізді осы сілтеме арқылы қалдыра аласыздар.