Өскемен әкімінің "Нұр Орда" мектебіне көңілі толмады
Өскемен әкімі Жақсылық Омар сенбілік кезінде қаланың белді оқу орындарының біріне барып қайтты
"Нұр Орда" мектебі сегіз жыл бойы жеке кәсіп иелерінің қолында болса да, мектептің маңайын абаттандыру бойынша бірде-бір жұмыс жасалмаған.
- Мектептің маңайы бос жатыр. Баскетбол алаңы тозып тұр, кәрзеңкенің орны алба-жұлба болып кеткен. Футбол алаңы ойлы-шұңқырлы. Оқушылар жарақат алуы мүмкін ғой! – деп жеткізді қала әкімінің сөзін баспасөз қызметі.
Қала басшысы инвесторлардың мектепті ашар кезде жанынан жатақхана да салатындығын айтып сендіргінін айтады. Мұнда ауданнан келген отбасылар орналасып, балалары заманауи мектепте оқыр еді. Алайда сегіз жыл болса да, кәсіпкерлер әлі уәдесін орындаған жоқ.