Өскеменде таэквандодан қайырымдылық чемпионаты өтеді
Жарысты тамашалауға жиналған көрермендердің қаржысы жұмсақ тіндердің саркомасы ауруына шалдыққан Аян Сарыбаевтың емделуіне қалдыра алады
Баладағы қатерлі ісік ошағы алынып тасталды және қазіргі уақытта ол тоғыз химиотерапия сеансын қабылдады. Бірақ аурудың қайталанбайтынына кепілдік жоқ.
Қазір баланың ата-анасы ұлын емдеуге Германияға жібермек, ондағы ота құны 30 мың еуроны құрайды.
- Талап етілетін соманы жинау үшін жарыс өтеді. Ұйымдастырушысы - "Теэквондоның ШҚО федерациясы" қоғамдық ұйымы болып табылады, - дейді баланың әкесі Талғат Сарыбаев. - Турнир 14 қазан күні Сатпаев даңғылы, 82/1, облыстық жекпе-жек Олимпиадалық резервтегі спорт мектебінде өтеді