Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде ескерткіштерді қалыпқа келтіру қолға алынбақ

Өскемен қаласының әкімі ЖМК ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында ескерткіштердің сыртқы келбетін арнайы белгіленген адамдар қадағалайтындығына уәде етті

Тұрғындардың айтуынша, қаладағы өнер және мәдениет қайраткерлеріне орнатылған ескерткіштер қираудың шақ алдында және оны қалыпта сақтау жұмыстарын қадағалайтын ешкім жоқ.

- Мәселен, Оралхан Бөкейге орнатылған ескерткішті айтайық, - дейді зейнеткер Қайырлы Бақтыбаев. - Ескерткіштің маңайына отырғызылған гүлдерді ешкім суармайды, қаптамалары сыдырылып түсіп жатыр. "Өскемен Тәртіп" мекемесіндегілер «ағашты кім отырғызса, сол суарсын» деп жауап берді. Осылай бола ма? Бұл деген мәдени мұра ғой.

Ақсақалдың айтуынша, қаладағы өзге мүсіндерге де қатысты жағдай осындай.

- Қалада ескерткіштер көп. Бірақ шынымен де оларға қарайтын ешкім жоқ, - дейді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. - Бүгінгі күні ешқандай мекеме қаланың шағын архитектуралық нысандарының жағдайына құжат жүзінде жауапті емес. Бір ай көлемінде бұл сұрақ шешімін табуы керек.

Следующая →