Өскемен
ясно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +16°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Бес жасар Богдан Унру өз елінде жерленеді

Қайырымдылықтың арқасында қажетті қаражат жиналып, шетел клиникасы алдында қарызы өтелді

Екі апта бойы Сеулдегі кореялық клиникаға қарызды өтеуге қаражат жинау кезеңі болды және нәтижесінде кішкентай қазақстандық өз Отанына қайтарылады. Он мыңдаған еріктілер мен жүздеген адамдар 90 мың доллар жинау үшін барынша көмек көрсетті.

Баланы еміне кеткен қарызды толығымен өтеу қажет болды. Әйтпесе клиника әкімшілігі бес жасар Богдан Унрудың денесін ата-анасына беруден бас тартты. Консулдың келіссөздері, сондай-ақ қарыздың жартылай өтелуі де емдеу мекемесінің басшылығын сендірмеді.

Қысқа мерзімде осындай үлкен ақша жинау мүмкін емес деп ойлаған. Бірақ еріктілер мен жағдайға бей-жай қарамағандардың барлығы жұмыла көмектесті.

- Кеше қаражат шоттаналынып, Богданың әкесі Викторға берілді. Ол клиникаға қарызын толығымен төледі, - деді ерікті Галина Трушкина. - Бүгінде Богданың денесі мұздатылды. Жақын күндерде Новосибирскіге жеткізіліп, сол жерден Өскеменге дейін ұшақпен жеткізіледі.

Қазақстанның Кореядағы елшісі Богданның денесін тасымалдау қаражатын өтейді.Ал ата-анасына рейске 40% жеңілдік береді. Еріктілердің айтуынша, соңғы күндерде Шығыс Қазақстандағы ірі зауыттардан үлкен көмек берілді. Қалған қаражаттар қарапайым тұрғындардың 1500-2000 теңгеден жіберуінен-ақ жиналды.

Следующая →