Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Салғырттық қайғылы оқиғаға ұрындырады

Жылыту маусымы – өрт оқиғалары әдеттегіге қарағанда анағұрлым көп болатын кезең. Өткен маусымда аймақта 653 өрт фактісі тіркеліп, 29 адам көз жұмды

Материалдық залал 30 млн теңгеден асты. Қайғылы жағдайлардың дені жеке секторда, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамағандықтан болған.

Қазір аймақта күн райы күрт суытып, температура айтарлықтай төмендеді. Сондықтан төтенше жағдайлар қызметінің мамандары үйлерді аралап, тұрғындарға мұқият болуды ескертуде. Осы айдан бастап орталықтандырылған жылу жүйесі іске қосылатыны баршаға мәлім. Десек те, бұл уақытқа дейін қара суықтың бетін қайтармаққа бекініп, жер үйдегілер от жағып, көпқабатты пәтерде тұратындар түрлі жылыту құрылғыларын пайдалана бастайды.

- Қаза болғандардың немесе жедел жәрдеммен ауруханаға түскендердің басым бөлігіне иіс тиген. Улы газды көзбен көру не сезу мүмкін емес. Газ ауаға тараған кезде адамға бірнеше минуттың ішінде әсер етеді. Көбінесе жылыту пештерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау газдан улануға негізгі себеп болады және оқиғаның басым бөлігі түнгі уақыттарда болатындықтан тұрғындар шырт ұйқыда жатады. Сол үшін пештің мұржасын үш айда бір рет тұрақты түрде тазалау керек. Бірақ тұрғындар көбіне қауіпсіздік қағидаларына атүсті қарайды, - дейді ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Амангелді Шегетаев.

Амангелді Шәріпжанұлы жылда жылыту маусымы басталар алдында тұрмыста пеш пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау жөнінде халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілетіндігін айтады. Алайда сол күні-ақ түсіндіру жұмыстары жүргізілген үйде төтенше оқиға орын алған. Осылайша өрттің шығуына көбінесе тұрғындардың салғырттығы себеп болып жатады.

- Жылыту маусымы басталмай жатып түрлі қайғылы оқиғалар орын алуда. Бірер күн бұрын ғана Өскеменде жылытқыш пешін тоқұзартқышқа қосқан әйелдің үйінен өрт шығып, ауыздықталды. Сондай-ақ, ата-аналарға балаларын үйге қамап кетпеуді ескертемін. Төтенше жағдай туындаса, балалар сыртқа шыға алмай, біздің құтқарушылар ішке кіре алмай әлек болады, - дейді Өскемен ТЖБ баспасөз хатшысы Марина Лискова.

Айта кетейік, өткен жылы Бозанбай ауылы тұрғындарының бірінің үйінде пештен өрт шыққан. Үйде 7-ші сыныптағы бала мен оның қарындасы болған. Ата-аналары үйдің есігін сыртынан жауып кеткен. Төтенше жағдай мамандары үй ішіне кірем дегенше, батыл бала қарындасы екеуі терезені сындырып сыртқа шыққан.

Марина Александровнаның айтуынша, тұрғын үйлердегі өрт электр сымдарының, электр құралдарының және жылыту пештерінің дұрыс жұмыс істемеуінен немесе оларды дұрыс пайдаланбаудан, отқа абайсыз қараудан немесе балалардың тентектігінен туындайды.

- Тұрғындардан шұғыл жағдай кезінде қандай нөмірге қоңырау шалу керектігін сұрадық. Көбі сасқанынан 101 немесе 112 телефонын еске түсіре алмады, - дейді ШҚО төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Амангелді Шегетаев.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО ТЖД Өрт