Зырянда қаланы қайта ашқан адамға ескерткіш қою жоспарлануда
Герасим Зыряновқа арналған тұғыр жақын уақытта жаңа түрге енетін қаланың орталық көшелерінің біріне қойылады
Зырян ауданының әкімі Нұржан Тоқсейітов баспасөз конференциясы кезінде ауданды алғаш ашқан азаматтың есімін ұмыт қалдырмай, тарихты сақтап қалу қажеттігін айтқан.
- Біздің қалада Зыряновская көшесі бар, бірақ көше жағдайы көңіо көншітпейді, - деп атап өтті аудан басшысы. - Сондықтан жолдарды жөндеп, ауланы абаттандырып, қаланың негізін қалаушы азаматқа ескерткіш орнатқымыз келеді.