Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ирина Николенко
Ирина Николенко
Ақпарат көзі:
Устинка

Бір айдан кейін Тұрақтандыру қорының көкөністері сатыла бастамақ

Шамамен бір айдан кейін көкөністерді тұрақтандыру қорынан қолжетімді бағада сатып алуға болады

Тауар биржасы арқылы аймақтық тұрақтандыру қорына қазірдің өзінде жергілікті тауар өндіруші «Агрофирма «Приречное» ЖШС-нан 7 500 тонна жеміс пен көкөніс өнімдері сатып алынған.

- Өскемен қаласы үшін 3 300 тонна көкөніс сатып алынды, оның ішінде 1 800 тонна картоп, 350 тонна орамжапырақ, 700 тонна сәбіз, 450 тонна пияз бар, - деп хабарлады «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы Антон Крамаренко. - Ал Семей қаласы үшін 4 200 тонна жеміс-жидек сатып алынса, оның 2 300 тоннасы картоп, 400 тоннасы орамжапырақ, 800 тоннасы сәбіз, 700 тоннасы пияз. Сатып алу бағасы ҚҚС есебімен бір келісі 59,99 теңгені құрады.

Ауылшаруашылық өнімдерін тұрақтандырылған бағада сату және сатып алу 2018-2019 жылдардағы қараша айынан мамыр айына дейін жалғасады.

Антон Крамаренконың айтуынша, жақын арада тұрақтандыру қорының өнімдері қандай бағада сатылатындығы туралы шешім комиссияның отырысында қаралмақ.

Сондай-ақ, көкөністер 6 ай бойы «Агрофирма «Приречное» ЖШС-ның арнайы қоймаларында сақталады.

Следующая →