Өскеменде қоқыс маңында шашылып жатқан жануар сүйектері жиналып алынды
Жануар сүйектері табылған жер дезинфекцияланып, қалдықтар көмілді
Бабкина мельница ауданында шашылып жатқан қоқысты Өскемен қалалық ветеринария бөлімі жинады, деп хабарлайды Устинка LIVE.
- Біз жануарлардың шашылып жатқан сүйектерін жинап, мал көмуге арналған орынға апарып көмдік, ал қоқыс маңын 3 пайыздық каустикалық содамен шайдық, - дейді бөлім басшысы Серікхан Күдебаев.
Алайда қоқыстың өзі әлі тазаланған жоқ. Бұл маңда әлі тұрмыстық қалдықтар шашылып жатыр, соған қарағанда тұрғындар қоқыстарын осы жерге лақтырып кететін көрінеді.
Тақырыптар:
Скотомогильники в Усть-Каменогорске Центр экологической безопасности в Усть-Каменогорске