ШҚО өрт сөндірушілері ең ірі өртті ауыздықтады
Тау етегінде орын алған өрт биылғы жылдың ең ірі өрті болды
30 қыркүйек күні Семей қаласынан 420 шақырым жерде жатқан Қараөлең ауылдық округі маңында ірі өрт болды.
ШҚО ТЖД хабарлағандай, өртті ауыл тұрғындары өшіре алмай, құтқарушыларды шақырған. Ал оқиға орнына келген өрт сөндірушілер үш күн бойы жалынмен арпалысқан.
Өрттен зардап шеккендер жоқ. Қазір мамандар өрттің қайдан шыққанын қарастырып жатыр.