Өскемендегі коммуналшылар аллеяны қалпына келтіруге мәжбүр
Қаладағы аялдамалардың бірін вандалдар қиратып кеткен, бұл бірінші рет емес
Жұма күнгі Гагарин бульварындағы жастардың отырысынан кейін коммуналды мекеме қызметкерлері жөндеу жұмыстарына кірісуге мәжбүр. Ондағы орындықтардың барлығы төңкеріліп, қирап жатқан.
- Бұндай жағдайлар демалыс күндері жиі орын алып тұрады, - дейді Өскемен Тәртіп коммуналды кәсіпорынның баспасөз хатшысы Әсел Ахметжанова. - Орындықтарды қайта орнына қойып, қоқысты жинау – бергі жағы. Бәрінен де сорақысы кей кезде, тіпті, осындай отырыстардан кейін тақталарды жөндеуге тура келіп жатады.
Аллеядан өзге, демалыс күндері "Көгалдандыру" аялдамасын да қиратып кеткен. Вандалдар аялдама әйнегін сындырған.