Өскеменде үш тоннаға жуық қоқыс жиналды
Қалалық сенбілікке қатысушылар жыл сайын көбейіп келе жатыр: биыл 8000-ға жуық адам көшеге шығып, аула тазалады
Бүгін Өскемен қаласының аулаларында көңіл көтеріңкі, жұмыс қарбалас. Пәтер иелері кооперативінің, түрлі мекемелер мен кәсіпорындардың, ұйымдардың мамандары мен қала тұрғындары далаға шығып, аула тазалауда.
Мәселен, Жаңа Согра кентіндегі Постышев көшесінің тұрғындары сенбілікке қызу кірісіп кеткен екен: аулаларды сыпырып, әткеншек пен турниктерді, тротуарларды бояуда. Бірақ кейбір шаруаны жасауға қауар жоқ.
- Теректерді қашан кесеміз? – деп сұрады кент тұрғыны Галина Казакова қала әкімі Жақсылық Омардан. – Ағашты кесе алмай жүрмін, көмектесіңіз.
Ал қала әкімі бұл мәселеге мән беретінін жеткізді.
- Сіздей бастамашы жандар жастарға үлгі! – деп атап өтті Жақсылық Мұқашұлы.
Өскемен қаласы әкімдігінің мәліметтеріне сүйенсек, бүгін сенбілікке 7963 адам шыққан, 2800 тонна күл-қоқыс жиналған.