Өскеменде экологиялық сенбілік өтеді
Өскеменде 13 қазан күні қалалық сенбілік өтеді, ал белсенді жастар тобы бұл күні балалар мен ересектер арасында квест ойынын өткізуді ойлап отыр
Сенбілікті креативті, жаңаша формада өткізуді қалаған жастар мен Өскемен қалалық жастар мәслихатының депутаты Александра Осипованың ойы қала әкімі Жақсылық Омардың қолдауына ие болған.
- Жақсылық Мұқашұлымен кездесу кезінде сенбілікті қалай қызықты өткізудің жолдарын талқыладық. Менің ойым – тазалық жұмыстарына деген қала тұрғындарының, мекеме қызметкерлерінің қызығушылығын арттыру үшін қоқыс жинау квестін, ойындар мен викториналар өткізу. Қоқыстарды қалай жинап, іріктеп салу керектігі жайында кеңестер береміз, - дейді Александра Осипова.
Ал жиналған қоқыстар өңдеуге жіберіледі де, қатысушылар ақшалай сыйлыққа ие болады. Жастар экологиялық сенбілік өткізуге қаланың ең лас жерлерінің бірі Мыза көшесінде орналасқан №4 мектептің қарама-қарсы аумағын алғалы отыр.