Әйел от құшағынан өз балаларын алып шықты
Бүгін күндізгі екілер шамасында Сәтпаев даңғылындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің екінші қабатында пәтерде тоқтың қысқа тұйықталуы орын алды
Ақауы бар розеткіден от шығып, шкаф жанып кеткен. Алайда үй бикесі жалынды өз бетімен ауыздықтаған.
Өскемен қалалық ТЖБ хабарлағандай, түтін исін сезген азаматша баласын көршінің үйіне апаруға мәжбүр болған. Пәтерге қайтып келіп, қалың көрпенің көмегімен өртті сөндіріп, пәтердегі электр қуатын сөндірген. Осы уақытта үйдің үлкен ұлы балконда тұрған көрінеді. Дер кезінде жеткен №3 өрт сөндіру бөлімінің мамандары баланы жедел жәрдем дәрігерлерінің қолына өткізген.
Өрт сөндірушілер мәлімдегендей, үй иесінің уақтылы және дұрыс әрекетінің арқасында жалын жайылмай, қайғылы жағдай орын алмады.