"ҮМЗ" АҚ жұмыскерлері кәсіби мерекелерін атап өтті
Ерен еңбектері үшін кәсіпорынның 10 қызметкері "ҮМЗ" АҚ мадақтама грамоталарымен марапатталып, 150 адам алғыс алды
28 қыркүйекіте "ҮМЗ" АҚ ұжымы кәсіби мерекелерін атап өтті.
Бұрынғы Кеңес одағының атом өнеркәсібіне Үлбы металлургиялық зауытының қосқан үлесі зор.
Бүгінгі күні Қазақстанның атом саласын ҮМЗ-сыз елестету мүмкін емес.
- Кәсіби мереке – бұл біздің атомшыларға алғыс білдіруге таптырмас мүмкіндік. Сіздердің жанкешті еңбектеріңіз бен кәсіптеріңізге адалдықтарыңыз үшін алғыс білдіреміз, - деп алғысын білдірді "ҮМЗ" АҚ басқармасының төрағасы Рустам Медео.
Ерен еңбектері үшін "ҮМЗ" АҚ-ның 10 қызметкері Мадақтама грамоталарымен марапатталса, 150 адам алғысқа бөленді.