Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

Бүгін Өскеменнің солтүстік жағалау ауданында 300 түп тал отырғызылды

Көшеттер Сәтпаев даңғылы бойындағы Ольга Рыпакова атындағы Жеңіл атлетика орталығы маңында отырғызылды

Экологиялық бастамаға Өскемен қалалық әкімдігінің қолдауымен "Шығысэнерготрейд" ЖШС мен "ШҚ АЭК" АҚ жастар орталығы мұрындық болды. Көшеттерді студенттер, жастар орталығы өкілдері мен мәдениет қайраткерлері, спортшылар отырғызды.

- "100 игі іс" бағдарламасы аясында осындай акция өткізіп отырмыз, - дейді "Шығысэнерготрейд" ЖШС бас директоры Қайрат Байтұрбаев. - Биыл біздің компанияға 14 жыл толады, компания туған күніне орай қалалықтарға осындай сый тарту етпекпіз. Өсімдіктер экологияны тазартады. Сондықтан шаһарымыздың әдемі әрі таза бола түсуі үшін өскемендіктерді де атсалысуға шақырамыз.

Экологиялық акцияға белсене қатысқан спортшы Ольга Рыпакова шараның маңызын атап өтті.

- Біздің қаламыз осындай заманауи бастамалардың арқасында күннен күнге көркейіп, жақсарып келеді, - дейді спортшы. - Ал жаңа саябақтың дәл біздің жеңіл атлетика кешені маңында пайда болатыны екі есе қуаныш.

Айта кетейік, белсенділер қала бойынша барлығы 1000 түп емен мен шаған ағаштарын отырғызады. Бүгін 350 түп отырғызса, тағы 650-і Есенберлин даңғылына отырғызылады.


Следующая →