Өскеменде аспаннан күл төгілді
"Май" АҚ ауданында тұратын Питер коммунарлары көшесінің тұрғындары таңертең аулаларында белгісіз заттардың шашылып жатқанын анықтады
Күл түсті зат көктен қар сияқты жауып, тұрғындардың зәресін алған.
- Бүгін таңертең отбасыммен үйде отырған уақытта кенеттен аспаннан бірдеңе жауа бастады, - дейді куәгерлердің бірі Анна. - Біз қар жауып кетті деп ойладық. Бірақ нақтылап қарап едік, күл болып шықты. Жолды, ауланы, автокөліктердің барлығын жауып қалды. Бұл денсаулыққа зиян зат па деп қорқамыз.
Өскемендегі Экологиялық қауіпсіздік орталығы бұл ауданда шынымен де күл жауғанын нақтылады.
- ШҚО Экология департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, Питер коммунарлары көшесіне бардық. Шынымен де, күл іспетті заттың жатқанын байқадық, - дейді ЭҚО маманы Елена Полянцева. - Әзірге бұл ненің күлі екені белгісіз. Мамандар тұрғындардың шағымдарын жинап, күлдің сынамасын алды.
Тұрғындар бұны "Май" АҚ май зауытынан шыққан зиянды қалдық деп болжап отыр.