Шығыс Қазақстан облысы мен Францияның медицина саласындағы серіктестігі нығаймақ
Одан бөлек, облыс әкімшілігі Кореямен де, Венгриямен де тиімді қарым-қатынас орнатқысы келеді
Серіктестік қатынастарын талқылау үшін ШҚО әкімі Даниал Ахметов пен Қазақстандағы Франция, Корея, Венгрия елшілері кездесті.
- Франция елшілігі Шығыс өңірінің медицинасын дамытуға атсалысатынын жеткізді. Облыс басшысы Филипп Мартинэмен гематология, этиология салаларын дамыту жайын талқылады. Ал Венгрия елшісі ауыл шаруашылық саласына қызығушылық танытып, туризм және денсаулық сақтау саласында да серіктестік нығайтуға мүдделі екендігін жеткізді, - дейді ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Ал Қазақстандағы Корея елшісі панты өнімдерін жасау саласында қарым-қатынас орнатуға әзір екендігін жеткізген.