Өскеменде заң талаптарына сай емес жарнамалар мен баннер-плакаттар алынып жатыр
"Өскемен-Тәртіп" қызметкерлері заң талаптарына сай емес 15 нысанның жарнамалары мен баннер, плакаттарын алып тастады
Облыс әкімі Даниал Ахметов сауда орындарындағы заңға сай емес жарнамалар мен баннерлерді алыс тастауға тапсырма берген.
Соған сай, Өскеменде белсенді жұмыс жасалып жатыр. Осы аптада коммуналды қызмет мамандары Бажов көшесі мен Абай даңғылындағы ғимараттар мен үйлерді жарнамалардан "тазартты".
- Қызметкерлер 15 баннер мен плакатты алып тастады. Қалған нысанның иелері өздері алып тастауға келісті, - дейді кәсіпорынның баспасөз қызметкері Әсел Ахметжанова.