ШҚО тұрғындарынан Богдан Унрудың елге қайтуына көмектесуді өтінеді
Екі күн бұрын бес жастағы өскемендік бала Кореядағы ауруханалардың бірінде көз жұмды. Алған емі үшін қарыз төленбегендіктен оның денесін елге жеткізу мүмкін болмай отыр
Шығысқзақастандықтардың көбі ұзақ уақыт бойы Өскемен қаласының кішкентай ғана тұрғыны Богдан Унрудың тағдырын демімізді ішке тартып бақылап келген едік. Ол ұзақ уақыт бойы сүйектік саркома дертімен күресіп келген еді. Қымбат ақылы ем-домның арқасында ара-тұра баланың денсаулығы жақсарғандай еді. Соңғы үміт Корея еліндегі ауруханада болатын. Алайда 23 қыркүйек күні ол сол ауруханада көз жұмды. Бірақ оның ем-домы үшін аурухана алдында қомақты қарыз жиналып қалған көрінеді. Ал ол қарызды ата-анасы өздері төлеп бітіруге қауқарсыз болып отыр.
Қарыз сомасы 29 млн теңгені құрайды. Еріктілердің сөзіне сүйенсек, клиника ата-ана қарызын өтеп бітпейінше баланың мәйітін беруден бас тартуда.
- Баланың бальзамдалған денесі қазір мәйітханада. Ал ата-анасының хәлі мүшкіл, - дейді еріктілер.
Богданның ата-анасы көмек сұрап Кореядағы ҚР елшілігіне де жүгінген. Бірақ ертеңге дейін елде мереке күндері болғандықтан, әзірге ешқандай шешім жоқ. Айта кеткен жөн, Богданның мәйіті жатқан әр күн үшін клиника ақы есептеуде.
Жат елде қауқарсыз қалған жерлестерімізге әрқайсымыз көмек қолын соза аламыз.
Қаржы жинауға арналған реквизиттер:
Kaspi Bank: KZ42722C000017638754
Карта №: 5169493136092676 Унру Виктор Викторовичтің атында;
Халық банкі: KZ42722C000017638754
Карта №:5169493136092676 Унру Виктор Викторовичтің атында;
ЖСН 820908302251
Qiwi-әмиян +7-707-671-85-84