Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Аймақта жетімдер үйі азайған

Бүгінгі таңда облыстағы балалар үйлерінде үш мыңға жуық бала тәрбиеленуде. Десе де, балалар үйлері қатарының сиреуі байқалады

1994 жылдың қытымыр қысында 18 жастағы үрімдей қыз Өскемен қаласындағы ауруханаларлың бірінде өмірге сәби әкеледі. Биологиялық әкесі баладан бас тартқаннан кейін жас ана жаңа туған сәбиін жетімдер үйінің табалдырығына тастаған. Алайда дағдарыс, тоқырау жылдары болса да, айналасы 3-4 айдың ішінде сәбиді жылдар бойы бала сүюге зарыққан күршімдік жас отбасы асырап алып, бауырына басады.

Облыстағы алғашқы балалар үйі соғысқа дейінгі уақытта, шамамен 1920 жылдары құрылыпты. Жетімін жылатып, жатқа жаутаңдатпаған халқымыз оған дейін мұндай мекемелерге мұқтаж болмаған. Ал қазір аймақта 898 бүлдіршінге пана болған 11 ұйым бар екен. Жанары жасты, жүрегі жүдеу жетімдердің саны бүгінде аймақ бойынша 3000-ға жетті.

- Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарының саны бойынша Қарағанды облысы бірінші орында тұр. Екінші орында - Шығыс Қазақстан облысы, ал үшінші орында - Қостанай облысы, - деп Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетiнiң бас сарапшысы Гүлмира Күлсариева мәлімдеген болатын.

Десе де, ШҚО-да жетім балаларға арналған ұйымдардағы тәрбиеленушілердің саны бүгінде 50%-ға дейін төмендеп, жетімдер үйі жабылып жатыр екен. Бұл жеткіншектерді отбасылық тәрбие берудің инновациялық түрлерін дамытудың нәтижесінде мүмкін болып отыр. 2017 жылдан бүгінге дейін жетімдер үйінен 79 бүлдіршін жаңа отбасына жол тартыпты. Бір қаракөзімізді шетелдіктер бауырына басқан. Жалпы соңғы 5 жылда облыстағы 7 жетімдер үйінің есігіне қара құлып салынды.

- 2017 жылдың басынан бері облыс бойынша 79 бала асырап алынған. Жалпы өңірде бүгінгі күні 898 бала жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 11 мекемеде тәрбиеленіп жатыр. Отбасылық тәрбиеге берудің арқасында жылдан-жылға балалар саны азайып келе жатыр. Әсіресе, жанары жәутеңдеген балғындарға патронаттық әдіспен қамқор болуға ниеттілердің қатары жыл сайын артып келеді. Облыстағы 2909 баланың 2011-і қорғаншылыққа және қамқоршылық (патронаттық) тәрбиеге берілген. Айта кетейік, 2013 жылы мұндай 15 мекеме болған, - дейді ШҚО Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова.

Маманның айтуынша, облыстағы жетімдер саны 2013 жылмен салыстырғанда 749 балаға азайған. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда біршама азайған көрсеткіш. Ал дәл сол 5 жыл бұрын 3658 бала терезеге телміре өмір сүрген екен.

Жалпы, патронаттық отбасы институтының мақсаты - балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілерді болашақтағы қоғам өмірімен араластырып, өзінің орнын табуы үшін және жастайынан ана махаббатынан мақұрым қалған балаларға отбасылық жылу беріп, ата-ананың қамқорлығы арқылы толыққанды азамат етіп, әлеуметтік ортаға қосу.

Қамқоршысыз қалған қаракөздердің өз отбасын табуына http://www.usynovite.kz электронды сайтының айтарлықтай көмегі бар көрінеді. Бұл порталда жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан бөбектердің түр-түсі мен мінездемесі ілінген. Бала сүю бақыты бұйырмаған жандар дәл осы сайтқа кіріп, жүрегі жақын тартқан сәбиді асырап алуға жиі өтініш білдіреді екен. Бүгінде осы портал арқылы Мадина, Кирилл, Мариям, Уәлихан есімді балалар өз отбасыларын тапқан.

- Басты мақсатымыз - сол жетімдер үйін түгел жауып, ондағы қаракөздерді жаңа жанұясына немесе отбасылық үлгідегі баспаналарға орналастыру, - дейді басқарма мамандары.

Айта кетейік, ел аумағында бала асырап алудың үш түрлі жолы бар. Әуелгісі – патронаттық тәрбие. Яғни, баланы бір отбасыға тәрбиелеу үшін ғана беру. Ол бала бұл отбасының баласы болмайды. Белгілі бір жасқа жеткенше бала осы отбасында тәрбиеленетін болады.

Екінші бір түрі - қамқоршы болу. Яғни, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға уақытша қамқорлық жасау. Ал соңғысы - баланы басы бүтін асырап алу. Бұл - арнайы соттың шешімімен жүзеге асады және бала асырап алушы отбасының барлық мүмкіндігі қаралып, олардың ата-ана болуға қабілеттері жететін-жетпейтіндігі анықталады. Соның негізінде бала осы отбасының бір мүшесі әрі осы әулеттің тегін иеленуші ретінде тіркеледі.

- Егер сіз отбасыңызбен, әулетіңізбен келісе отырып бала асырап алуды жоспарлаған болсаңыз, алдымен өзіңіздің тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша жетім балаларға қамқорлық жасау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға бала асырап алу ниетіңіздің бар екендігін білдіріп, жазбаша өтініш бересіз, - дейді ШҚО Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Ахметкаримқызы.

Сонымен қатар, қамқоршылық пен қорғаншылыққа берілген балаларға ай сайын мемлекет қаржы бөледі. Нақтырақ айтсақ, 10 АЕК көлемінде - бала 18 жасқа толғанша ай сайын 24 мың теңге жәрдемақы төленеді. Ал қамқоршыға ай сайын 40 АЕК беріледі. Сондай-ақ, 2015 жылдан бері баланы біржола асырап алушыларға 75 АЕК көлемінде біржолғы төлемақы беріледі.

P.S. 1994 жылы тастанды жетім қызды бауырына басып, түн ұйқысын төрт бөліп, бесік тербеткен жаңа отбасы қызды өсіріп, жеткізіп, бүгінде өмірлік серігіне абыроймен тұрмысқа беріп, немерелерінің қызығын көріп отыр. Алайда Гүлнәр (есімі өзгертілген) асыранды қызы 25-ке келсе де, шындықты айтпаған.

Следующая →