Өскеменде қызды зорлаған азамат ұсталды
Қаскөй Абай даңғылы, 21 мекенжайындағы тұрғын үйлер ауласында орналасқан көлікжайлар артында жас қызға бас салған
Зардап шеккен бойжеткен дәл сол күні полицияға жүгінген. Ол өзін белгісіз біреудің күш қолданып, өзін зорлап кеткенін мәлімдеген.
- Ұлттық гвардия жасағы дереу күдіктіні іздеуге аттанды. Патрульдеу барысында қаскөй Абай даңғылындағы 21-ші үйдің жанында екені белгілі болған, - дейді ҚР ҰГ "Шығыс" ӨК баспасөз қызметінің басшысы Бағдат Амангелді. - Гвардияшылар Ермек Уәлиев пен Исламбек Төлесінов күдіктіні қолға түсірді. Ол 1995 жылғы мас азамат болғаны анықталды. Зардап шеккен азаматша оны бірден таныды. Күдікті де кінәсін мойындады.
Күдікті Өскемен қаласындағы Үлбі аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қызды жедел жәрдем дәрігерлері қарап шығып, облыстық мамандандырылған медициналық орталыққа жеткізілді.