Шығыс өңірінде найзағай ойнап, қатты жел соғады
ШҚО ТЖД Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарын қолайсыз ауа райы құбылыстары туралы ескертеді
"Қазгидромет" РМК филиалының ақпараты бойынша, 24 қыркүйек күні облыс бойынша найзағай ойнап, қатты жел соғады, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.
24-ші және 25 қыркүйек күндері Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде жауын-шашын салдарынан су деңгейі көтерілуі мүмкін.