Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Серебрянск қаласындағы "Берік" атты қазақ балабақшасына орыс ұлтының балалары барады
Жекеменшік балабақшаның бүлдіршіндері екі тілді де қатар меңгерген. Аталмыш балабақша мемлекет пен кәсіпкердің серіктестігі негізінде салынып, өткен жылдың 1 желтоқсанында ашылған. "Берік К" ЖШС директоры Венера Мусина аталған балабақшаның шағын қала үшін маңызы зор екендігін атап өтті.
- Қалада сәбилерді алты айдан бастап қабылдайтын бірде-бір балабақша жоқ. Бұл өте маңызды. Балабақшада 120 орын мен төрт топ бар, - дейді Венера Мусина.
Балабақшамен танысу барысында облыс әкімі даниал Ахметов мекеме ұжымының жұмысын ерекше атап өтті.
- Қазақ тобында жүрген орыс балаларын көргенде таңқалдым. Осы балабақшаның арқасында балалар екі тілді де меңгеріп шығатын болды, - дейді облыс әкімі.