Өскеменде ең "әйгілі" дүңгіршек алынып тасталады
Қоқысқа толған әрі жұмыс істемейтін дүңгіршек орнына жаңа аялдама кешені пайда болуы мүмкін
Бүгін коммунал қызметкерлері Қазақстан көшесінде орналасқан "А. Пушкин атындағы кітапхана" аялдамасындағы сәні кеткен дүңгіршекке демонтаж жасауға уәде берді, деп хабарлайды Устинка LIVE.
"Өскемен Тәртіп" КМК қызметкерлері қазірдің өзінде дүкен айналасына уақытша қоршау орнатып, оның төбесін манипуляторға тиеуге ыңғайлы болу үшін бірнеше бөлікке бөліп қойды.
Бос жатқан сауда дүкені өзінің сыртқы түріне байланысты қала тұрғындарының "назарында" болған. Біз де өз кезегімізде ондағы жиналған қоқыстар жайлы хабарлаған болатынбыз. Ал қала тұрғындарының ешкімге қажетсіз сауда орындарын қарапайым қоқыс орны ретінде пайдаланатыны жасырын емес.