ШҚО-ға қазақстандық суретшілердің суреттер топтамасы жеткізілді
Көркем суретшілердің бірегей суреттерін Шығыс Қазақстан облыстық өнер мұражайынан тамашалауға болады
"Уақыт кескіндері" көрмесінің ашылуында Әбілхан Қастеев, Мағауия Аманжолов, Бахтияр Тәбиев, Шаймардан Сариев және тағы да басқа сурет өнері шеберлерініңң туындылары ел назарына ұсынылды.
- Бұл суретшілер – қазақ өнерінің негізін қалаушылар, - дейді өнер мұражайының маманы Шынар Еңсебаева. - Олардың әр туындысы – бірегей туынды.
Көрменің ашылуында басқа туындылармен қатар Мағауия Аманжоловтың "Уақыт" туындысы ерекше көңіл аудартады.
- Бұл ооның автопортреті ғой. Бұнда өзін салған, акварелінің көмегімен отбасын қорғағысы келгендей, - дейді суретшінің зайыбы Күбайраш Молдабаева.
Көрмеге облыс әкімі Даниал Ахметов те келіп, ерекше әсерге бөленіп қайтты.
- Авторлар қазақ халқының ерекше колоритін бере білген, - деп атап өтті өңір басшысы. - Бұл шынымен үлкен мәдени жәдігер. Бізде осы суреттерді сақтап, онымен мақтана алатын мүмкіндік туды. Мұражай нағыз мұражайға айналды.