Облыс орталығында сенбі күні жалпықалалық сенбілік өтеді
Қаланы қоқыстан тазарту жұмыстарына ПИК, ЖӨБК өкілдері, сондай-ақ қаланың 112-ден астам кәсіпорындары мен мекемелерінің қызметкерлері қатысады
Белсенділер облыс орталығының барлық аулаларын қоқыстан тазартуды көздеп отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE. Осылайша олар қаланы қыс мезгіліне дайындамақ.
- Қаланың әрбір ауласы, көшесі таза болуы үшін әкімдік пен коммуналды қызмет күші жеткіліксіз, - дейді Өскемен қаласының жергілікті өзін-өзі басқару кеңесінің төрағасы Серік Оразбайұлы. - Сол себепті 22 қыркүйек күні жалпықалалық сенбілікке шығу өте маңызды. Барлығымыз осы күні сенбілікке шығып, өзіміздің туған қаламызды ретке келтірейік!
Ұйымдастырушылар Өскемен қаласын таза әрі жайлы қылуға өз үлесін қосқысы келетін барлық облыс орталығының тұрғындарынан көмек күтеді.