Өскеменде алда болуы мүмкін тасқынға дайындық басталды
Коммуналды қызмет мекемесі көктемде тасқын болуы мүмкін аймақтардың өзен арналарын тазарту жұмыстарын жүргізуде
Бірнеше күн бойы арықтарды тазарту жұмыстарын жүргізген Өскемен-Тәртіп мекемесі мамандарының айтуынша, арықтар қазір тазартылмаса, көктем келе жер үйлерге тағы да қауіп төнуі мүмкін.
Алдымен мамандар Овечий бұлағы мен Бражинский арығын тазартты. Сонымен қатар, басқа арықтар да қоқыс пен қалдықтардан тазартылды.
- Бұл шараларға қажет болғандықтан барып отырмыз, - дейді "Өскемен-Тәртіп" мекемесінің баспасөз хатшысы Әсел Ахметжанова. - Тазартудан өзге, талдардың өскіндері мен бұталары да жойылады. Өйткені олар көктемде еріген қар суын өткізбей қалуы мүмкін.