Аягөз базарында өрт шықты
Жергілікті өрт сөндіру қызметінің мамандары тілсіз жаумен бір жарым сағат күресіп, ақыры жалынды толықтай ауыздықтады
9 қыркүйек күні таңғы 5.30-да Аягөз қалалық өрт сөндіру қызметіне "Әділет" сауда үйінде өрт шыққандығы туралы хабар түскен. Оқиға орнына дереу екі автоцистерна мен өрт сөндіру қызметі аттанды.
Өрт сөндірушілер жеткен уақытта бутик қоршаулыра, сөрелер мен тауарлар жана бастаған. Өршіген жалынды ғимарат ішінен сөндіруге тура келген. Абырой болғандай, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.
Өрттің шығуына желіні монтаждаудағы ақау немесе от қауіпсіздігіне салғырт қару себеп болуы мүмкін. Тіпті, ғимаратты қасақан өртеген деген де болжам бар. Қазіргі уақытта келген шығын көлемі мен кінәлілер іздестірілуде.