Өскеменге әлемдік жұлдыздар келді
Ресей, Қазақстан, Италия жұлдыздары Өскемен халқын қала күнімен құттықтайды
Жұлдыздар бүгін Өскемен қаласында осымен төртінші мәрте ұйымдастырылып отырған "Ақ Ертіс" классикалық музыка фестивалінде өнерлерін паш етпек.
Әншілер тарихи опералар мен ұлы композиторлардың туындыларын орындайтын болады.
- Бұрын көрмеген, жаңа орында болған тамаша. Бұған дейін Павлодар, Астанада болған едік. Енді Өскеменге келдік, - деп алған әсерімен бөлісті Сербиядан келген Бранислав Ятич. - Өзені мен тауы бар қалаларды жақсы көремін. Бұнда көп дос таптым, барлығымызды өнерге деген махаббат табыстырып отыр.