Өскемен
пасмурно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +17°
$
445.95
-0.83
482.96
-1.04
¥
61.66
-0.11
4.82
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Шаруашылық ашу үшін несие берілмей жатыр

Шығыс Қазақстан облысында ауыл мен қаладағы кәсіпкерлікті дамыту үшін несие түрінде берілуі тиіс қаржының сомасы игерілмей жатыр

Мәселен, биыл облысқа ауыл шаруашылығы мен ауылды дамыту үшін 3,5 млрд теңге несие бөлінген. Алайда қазіргі таңда тек 1 млрд теңгеден астамы ғана несие түрінде берілген. Бір жыл бойы игерілуі тиіс соманың тоғыз айдың ішінде тек 3/1 бөлігі ғана іске жаратылған. Ал қалған 2,5 млрд теңгесі жылдың соңына дейін игерілмесе, онда бюджетке қайтаруға тура келеді.

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, биыл ауыл тұрғындарынан несие алу туралы 625 жоба келіп түскен. Оның ішінде тек 321 азамат қана барлығы 1 млрд теңге сомасында несие алған. Аудандардың арасында несие беру бойынша топ бастап тұрған - Тарбағатай ауданы. Аудан басшылығы сегіз айдың ішінде 160 адамға несие беріп үлгерген. Зайсан ауданында 49 адам, Жармада 45 адам, Күршімде 38 адам несие алған. Қалған аудандар 9-30 адамға ғана несие бере алған.

- Тарбағатай ауданы үздік нәтиже көрсеткен екен, демек аудан әкімі тиімді жұмыс жасап отыр деген сөз. Өңірдің өзге аудандарымен салыстырғанда, халық саны да көп емес. Қалған аудандар жұмыс жасамай отыр. Тарбағатайдың тәжірибесін үлгі тұту керек, - деп сөкті аймақ әкімі Даниал Ахметов.

Ендігі кезекте аймақ басшысы бөлінген несиені игеру жолдарын дереу арада тауып, жылдың соңына дейін қолда бар қаржыны нақты іске жаратуды тапсырып отыр.

Следующая →