Өскемен
облачно
-6°
  • Өскемен
    -6°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    +1°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -2°
  • Қызылорда
    -4°
  • Павлодар
    -7°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +4°
  • Шымкент
    +2°
$
495.95
524.37
¥
68.62
4.98
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Облыста жол шығыны көп, сапасы нашар

Биыл ШҚО жолдарын жөндеуге және абаттандыруға бюджеттен 62 млрд теңге бөлінген. Алайда жолдарды жөндеу және құрылыс сапасы өте төмен. Бұл туралы облыстық мәслихат сессиясында ШҚО әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді

Әкімнің айтуынша, ол қаражаттың көп сомасы бөлінген Семей - Қарауыл тас жолына барып, жұмыс нәтижесін тексерген. Алайда сапасыз жолдар аймақ басшысының көңілінен шықпаған.

- Демек, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жеткілікті деңгейде жұмыс істеп жатқан жоқ. Семей-Қарауыл жолына аз қаражат бөлінбеді. Былтыр да қомақты сома бөлінген, биыл да 2 млрд теңге бөлу қарастырылуда. Бірер күн бұрын өзім 180 шақырымды жүріп өтіп, жол сапасының өте нашар екеніне көз жеткіздім. Жолдың астыңға қабатын дайындап алмай, асфальт төсеп жатыр. Бұған енді көз жұмып қарауға болмайды, - деп аймақ басшысы басқарма әрекетін депутаттық комиссияға салып, басшылығына қатысты шара қолданатынын айтты.

Әзірге қандай шара қолданатыны беймәлім.

Сонымен қатар, Семей қаласының ішіндегі жолдардың жағдайы жақсара түскендігін әкім тілге тиек етті. Ондағы қайта жөндеуден өткен 27 шақырым жолды мердігер компаниялар әкімдікке сәтті өткізген. Ал облыс орталығы Өскемендегі жағдай мүлде басқаша көріністе. Қаладағы жол құрылысы жобалық-сметалық құжаттардың жоқтығынан тоқтап тұр.

- Қалада жобалық-сметалық құжаттары дайын ешбір жол құрылысын көрген жоқпын. Әсіресе, Ахмер - Мирный кентінің аралығындағы Понтон көпірінің, Ахмер - Меновное тас жолының құжаттары шикі. Үнемі барлығын қайтадан істеуге тура келіп тұрады, - деді Даниал Ахметов.

ШҚО әкімінің айтуынша, тіпті, Сәтпаев даңғылын қайта жөндеу және кеңейту бойынша жобалық-сметалық құжаттар жұмысы да күні кеше ғана аяқталған.

Следующая →