Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Қоныс аударғандар баспана ала алмай отыр

Биыл өңірге 700-ден аса жанұя көшіп келуі керек. Алайда өңір басшылығы оларға баспана тауып бере алмай отыр

Шығыс Қазақстанға қоныс аударғалы отырған 714 жанұяның 364-і елдің өзге аймақтарынан көшіп келетін болса, қалғаны - оралман ағайындар. Алайда қоныс аударуы тиіс екі жарым мыңға жуық адамның 200-ден астамына ғана баспана берілген. Қалғаны баспана ала алмай отыр.

Мұндай деректерді облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы ұсынып отыр. Көші-қонға берілген квотаны үлестіре алмай отырған басқарма басшысы мен аудан әкімдері аймақ басшысының сынына ұшырады.

- Бұл - мемлекеттік мәселе. Өңірдің шекаралас аудандарында халық азайып жатыр, ал біз квота бойынша көшіп келетіндерді қоныстандыра алмай отырмыз. Бұл шаруаға ширақ қарау керек, - дейді Даниал Ахметов.

Көшіп келген жандарға баспана тауып бере алмай отырған шенеуніктерге облыс басшысы қалай жұмыс істеу керектігін тәптіштеп түсіндіріп, бағыт сілтеді.

- Ең алдымен, аудан әкімдері ауылдарда бос жатқан жер үйлерді тауып, тізімін жасау қажет. Содан кейін сол үйлерді жөндеу үшін қанша қаржы қажет екенін есептеп шығу керек. Қоныс аударушыларды жұмыспен қамту мәселесі тағы бар. Ауыл жанында бос жатқан жер телімдері бар ма, ол жағын да ескеру қажет. Бос жерлерді үлестіре отырып малмен, егінмен айналысуға жағдай жасаймыз. Ол үшін жұмыспен қамту, ауылшаруашылығын қолдау мақсатында бөлінген несиелерді көшіп келген жандарға берудің жолдарын іздестіру керек. Мұның барлығын істеу үшін қоныс аударған ағайындардың әрбірімен кездесіп, жағдайымен танысып, дербес жұмыс істеу қажет, - дейді Даниал Ахметов.

Мәселен, Семей қаласына 8 отбасы келіп қоныстануы керек. Ал Ұшақтар ауданында қазір 4 үй бос тұрған көрінеді. Олардың әрбіреуін 1 млн 200 мың теңгеге сатып алуға, кейін оны 2 млн теңгеге жөндеуге болады.

Следующая →