Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Жол апатынан қаза болған ер адамның қызы дәрігерлерді кінәлап отыр

Жол апатынан ауыр жарақат алған ер адам аурухана палатасында бір тәулік бойы жатқан, ал дәрігерлер оны қарамаған

Ал ер адамның 11 қабырғасы сынып, өкпесі мен жүрегі жарақат алған, көкірек қуысына қан жиналып қалған.

Біздің редакциямызға Семей қаласының тұрғыны Диляра Мұқатаева хабарласып, әкесінің дәрігерлердің немқұрайлылығы кесірінен Ақмола облысының Ақкөл қаласында, орталық аудандық ауруханада көз жұмғанын айтып шағымданды.

Ал дәрігерлердің айтуынша... бәріне Қытайдан сатып әкелінген рентгенаппарат кінәлі екен.

- 5 шілде күні әкем жол апатына душар болды. Ол Астана қаласына өз көлігімен аттанып, Ақкөл қаласына жақындаған маңда автокөлігі сынып қалған көрінеді. Жолдың шетіне тоқтап, сары белгісін көліктің артына қойып, капотын ашып, жөндей бастаған. Сол сәтте Газель жүк көлігі келіп, жолдың шетінде тұрған көліктің артына барып соғылған, - дейді марқұмның қызы.

Апатқа түскен Ерлан Мұқтаев Ақкөл қаласындағы аудандық ауруханаға жеткізілген. Алайда Диляраның сөзіне қарағанда, аудандық аурухана дәрігерлері Ерлан Мұқатаевтың жарақаты жеңіл, басы аздап зақым алған, қатты шошып қалған деп диагноз қойып, науқан жанды дәкемен орап, палатаға жатқызған. Ал рентген ер адамның сынған жерлерін таба алмаған.

Ертеңінде Ерлан Мұқатаевты қарауға келген дәрігер науқастың жағдайы ушығып кеткенін байқаған. Кейін оны аудан дәрігерлері Көкшетау қаласындағы облыстық ауруханаға жөнелткен. Ал облыстық аурухана жол апатына түскен науқастың бір жақ қабырғаларының бәрі сынғанын, миында үлкен гематома пайда болып, кеудесінде қан ұйып қалғанын анықтаған. Көкірек тұсына ұйыған қан жүрек ауырлық түсіріп, постравматикалық пневманияға айналып кеткен. Дұрыс диагноз аудандық ауруханаға қаралғаннан бері 30 сағаттан кейін ғана қойылған. Облыстық аурухананың дәрігерлері қолдан келгенін жасады, алайда ер адам 17 шілде күні көз жұмған...

Кім кінәлі?


- Ақкөл қаласының дәрігерлері қолдарында рентген кескіні бола тұра, қабырғалардың сынып қалғанын анықтай алмады. Бас дәрігерлер аппарат нашар жұмыс істейтіндіктен, дұрыс диагноз қоя алмағандықтарын айтады. Өйткені рентген аппарат Қытайдан сатып алынған еді. Неге дәрігерлер дұрыс тексеріс жасап, компьютерлік томография мен кеуде клеткаларын дұрыс суретке түсіретін ауруханаға жібермеді? - дейді Диляра сөзін жалғап.

Ерлан Мұқатаевтың туған-туыстары Ақкөл қаласының дәрігерлеріне шағымданып, құқыққорғау органдарына арыз түсірді.

- Үш дәрігерге қатысты ҚР ҚК-тың 317-бабы, 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалуда. Ақмола облысының Қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті дәрігерлер арасында тексеріс жүргізбек, - дейді марқұмның ұлы Дәулет Мұқатаев.

Тексеріс біткен соң, Ерлан Мұқатаевтың жанұясы Алматы қаласындағы сот-медициналық сараптамасына қайта тексеріс жасау жөнінде қолдаухат жазуды жоспарлап отыр. Ақмола дәрігерлерінің дұрыстығына күмәнмен қарайды. Оның үстіне, аудандық дәрігерлер жалған рентген кескінін жасап, өздерінің кінәсіз екендігін дәлелдемек болған. Ал рентген кескінінде науқастың аты-жөні де, қаралу уақыты да көрсетілмеген.

Следующая →