Өскемен Аруы таңдалады
Сұлулық байқауына кез келген қыз қатыса алады
Ал "Өскемен Аруы-2018" байқауына кастинг 9 қыркүйек күні өтеді. Кастинг "Ертіс Концерт" залында сағат 10.00-де басталады.
Бұған бойы 168 сантиметрден асатын 17-23 жас аралығындағы тұмысқа шықпаған қыздар қатыса алады. Татуировка мен пирсинг болмағаны жөн.
Кастингке қатысушылар өздерімен фотосуреттерін алып келуі тиіс. Қара көйлек пен биік аяқ киім кигені дұрыс. Макияж жасаса да болады.
Ал кастингтен өткен қатысушылар үш апта дайындықтан өтеді.
Байқаудың өзі 28 қыркүйек күні сағат 18.30-да "Ертіс Концерт" орталық мәдениет үйінде болады.