Біреуге араша боламын деп күйіп қалды
Бүгін кешке Ползуноваа көшесіндегі жер үйде өрт шықты. Үйде ол уақытта екі адам болған
Түнгі сағат 2.10-да құтқарушыларға жер үйде өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен.
Құтқарушылар жеткенше көршілері үйде ұйықтап жатқан азаматты оятқан. Жалынның арынына қарамастан азамат үй ішіндегі әйелін алып шығуға талпынған.
Өскемен қалалық ТЖБ баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, ер азаматтың сол қолының буынын 1,2-дәрежелі күйік шалған. Медициналық апаттар орталығының дәрігерлері зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартқан, ал әйелі зардап шеккен жоқ.
Құтқарушылар өртті бір жарым сағаттың ішінде ауыздықтады. Өрттің шығуына байланысты екі нұсқа қарастырылуда: электр құрылғысының апаттық жағдай мен қауіпсіздік шараларына салғырттық таныту.