Өскемен
Бұлтты
-32°
  • Өскемен
    -32°
  • Семей
    -23°
  • Алматы
    +1°
  • Риддер
    -22°
  • Астана
    -25°
  • Ақтөбе
    -10°
  • Ақтау
    +5°
  • Атырау
    +4°
  • Қарағанды
    -22°
  • Көкшетау
    -28°
  • Қостанай
    -21°
  • Қызылорда
    -1°
  • Павлодар
    -31°
  • Петропавловск
    -22°
  • Тараз
    +6°
  • Түркістан
    +5°
  • Орал
    -11°
  • Шымкент
    +5°
$
501.26
+4.41
590.38
+4.84
¥
72.97
+0.74
6.54
+0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен қаласының әкімі қала мектептерінің салтанатты жиынында болды

Жақсылық Омар облыс орталығындағы №15 орта мектебінің оқушыларын Білім күнімен құттықтады

1 қыркүйекте Өскемен қаласының әкімі оқушыларды, олардың ата-аналарын және мұғалімдерді құттықтау үшін №15 орта мектепке барып қайтты. 

- Осы оқу жылында біз одан да көп балаларды мектебімізге қабылдадық, - деп атап өтті № 15 мектептің директоры Анаргүл Бектургенева. - Біздің мектепте бірінші сынып оқушыларының өзін сегіз сыныпқа, ал мектепке дейінгі дайындық сыныптарын жеті сыныпқа бөлдік. Барлық оқушыларды  көргеніме қуаныштымыз!

Сонымен қатар қала әкімі Жақсылық Омар да құттықтау сөз сөйледі.

- Өскемен қаласының басшылығының атынан барлық оқушыларға үлкен жетістік тілеймін және сіздер, оқушылар ерекше мектепте оқып жатқандарыңызды атап өткім келеді, - деді Жақсылық Мұқашұлы.

Сондай-ақ, облыс орталығының басшысы 15-мектепте инклюзивті білім беру белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. Бұл білім ордасында "Ақ ниет"  ерекше балаларға арналған мектеп-интернатының 46 оқушысы бар.

Сонымен қатар мектеп оқушыларын қала мәслихатының депутаты, меценат Сергей Коротин де құттықтап қайтты.

- Бүгін көптен күткен Білім күні келді, - деді Сергей Викторович балаларға. - Енді сіздер, білімдеріңізді мектеп қабырғасында әрі қарай дамыта аласыздар. Ең бастысы - дендеріңіз сау, бақытты және табысты болыңыздар! - деді Сергей Коротин.

Следующая →