Семейде ер адам суға батып кетті
Қайғылы оқиға кеше Ертіс өзені маңындағы жағалаулардың бірінде болған
Үшінші Нахаловка ауданы маңында өзенге шомылуға барған достардың бірі суға түскісі келіп, сүңгіп кеткен. Отыздан асқан жігіт сол күйі суға сүңгіген күйі қайтып шықпаған.
- Сүңгуірлер жігіттің денесін бір сағаттай іздеп әрең тапты. Ер адам жағадан 15 метр жерде суға батып кеткен екен. Денесі екі метр тереңдіктен табылды, - дейді ШҚО ТЖД.
Құтқарушылардың айтуынша, қазір өзеннің суы салқын. Соның кесірінен суға сүңгіген жігіттің бұлшықеттері тартылып қалып, содан жүзе алмай қалғанға ұқсайды.