Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Калинина
Ақпарат көзі:
Устинка

Жексенбі күні автобуспен қатынау қиындап кетті

Жексенбі күні ЖМК мен Сол жағалау аудандарының автобустары дұрыс жүрмей, тұрғындарға ыңғайсыздық тудырды

Тұрғындар демалыс күндері автобусты жарты сағаттап күтуге мәжбүр. Тіпті, кейбірі такси шақыруға мәжбүр болған. Бірақ қазір такси қызметі де ақсап тұр.

№ 24, 26, 46, 246, 230 бағыттағы автобустар сирек қатынаған көрінеді. Ал оған себеп – автобус жүргізушілерінің жетіспеушілігінде. Өскемен қалалық жолаушыларды тасымалдау орталығы басқармасы мәлімдегендей, қалада 40% ғана қоғамдық көлік жүргізушілері қалған.

- Автобустар бар болса да, жүргізушілер жоқ. Мәселен, "РОСТ" ЖШС-на соңғы үш жылда бірде-бір жаңа жүргізуші келмеген. Алайда ондағы жүргізушілер зейнетке шығып, еңбек демалысын алып немесе тіптен жұмыстан шығып кетіп жатыр, - дейді басқарма директоры Ернар Мустафин.

Қазір тасымалдаушылар жазғы кесте бойынша жұмыс істеп жатыр. Жолаушылар санының азайғандығына байланысты бағытқа шығатын қоғамдық көліктер де аз. Бірақ қыркүйектен бастап жағдай оңалмақ.

Следующая →