Өскемен көшелерін тәртіпке келтіру үшін атқарушы органдарға не кедергі?
Экологиялық қауіпсіздік орталығының мәліметі бойынша, кейбір органдарда қаржы жетіспесе, енді бірі тәртіп бұзғандарды таба алмайды. Ал енді бірі, тіпті, таза қаланың қандай күйге түскенін байқамайды да
"Өскемен-Тәртіптің" деректері бойынша, маусым айының соңында полигонды қараусыз қалдыру туралы және оларды ТҮКШ тапсырмалары бойынша тазалау туралы сот шешімдері болған жоқ. Сондықтан кәсіпорынның рұқсатсыз қоқыстарын жою мүлдем орындалмады.
Экологиялық қауіпсіздік орталығы қол қусырып отырмақ емес, олар қоғамдастықпен бірігіп күресті жалғастыруда.
- Біз қалалық әкімге және экологиялық прокуратураға қоқысты жинау және көрінген жерге төгілген қоқысты жоюға жауапты ұйымдардың өз міндеттерін тыңғылықты орындауын қадағалау туралы өтінішпен хат жолдадық , - ШҚО бойынша қоғамдық кеңестің экология жөніндегі жұмыс тобының төрағасы Геннадий Корешков.