Өскемен
ясно
+7°
  • Өскемен
    +7°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +9°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +13°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +10°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
479.05
534.57
¥
67.92
5.17
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Калинина
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен қысқа дайындалуда

Қаланың жылу маусымына дайындығын шаһар басшысы Жақсылық Омардың өзі көріп қайтты

Әкім барған алғашқы нышандардың бірі Өскемен Жылу орталығы мен "Өскемен Жылу жүйелері" АҚ-ның №2 және №3 қазандықтары болды.

Қала әкімін екі мәселеге баса назар аударды: оның бірі – қазандықтың жылу беру жағдайы болса,екіншісі – көмірдің бар-жоғы.

- Жылу маусымына дайындықты қадағалау үшін арнайы штаб құрылды. Қаланы қысқа толық дайындау үшін бірігіп жұмыс жасап жатырмыз, - дейді Жақсылық Омар.

Өз кезегінде, коммуналды қызмет кәсіпорындары да қысқа дайындықтың қызу жүргізіліп жатқанын айтып, қандай жұмыстар жасағанын баяндап берді. Мәселен, "Өскемен Жылу жүйелері" АҚ бас директоры Ренат Оразбаев жаздай ыстық судың бекер өшірілмегенін жеткізді.

- Қаланың орталық аудандарында ыстық су өшіріліп, құбырлардың қысымы тексерілді. Тексеріс ойдағыдай өтті. Енді ЖМК ауданының құбырларын тексереміз, - дейді директор.

Қала әкімінің айтуынша, биыл көмір жұртқа толықтай жетуі керек, дүрлікпе болмауы тиіс.

- Өскемен тұрғындарына 36 мың тонна көмір қажет, қазір 12 мың тоннасы жеткізілген. Қазіргі уақытта қаланың қысқа деген дайындығын 88 пайыз деп бағаласақ болады, - дейді Жақсылық Омар.


Следующая →