Этносаябақта қайырымдылық акциясы өтеді
Шығысқазақстандық екі жастағы Жанерке Жеңістің өңешін III дәрежелі химиялық күйік шалған. Оған дереу арада ота жасау қажет
Жанеркеге көмектесуді көздейтін жәрмеңке 26 тамыз күні 13.00-де Өскемен қаласындағы Этносаябақта өтеді.
Бұл күні жергілікті өндірушілердің қолөнерін сатып алуға болады. Ал жәрмеңкеде жиналған қардының барлығы Жанеркенің еміне жұмсалады.