Темекі тұқылы өртке себеп болды
Жоғары қабаттан лақтырылған темекі ұшқыны астыңғы қабаттағы үйдің балконына түскен
Темекі тұқылы төменгі қабатта жайылып тұрған көрпеге тиген.
Ол уақытта үй иелері болмаған, үйде тек балалары қалған көрінеді. Абырой болғанда, көрпе ғана толық жанып кетіп, жалын сөніп қалған. Өрт сөндірушілердің көмегіне жүгінудің қажеті болмады.
Өскемен қалалық ТЖБ баспасөз қызметі ұсынған ақпараттарға сүйенсек, бұндай құқықбұзушылық фактілері үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады.