Өскемен
пасмурно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +17°
$
445.95
-0.83
482.96
-1.04
¥
61.66
-0.11
4.82
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алия Тенизбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-ның 82 мектебі пәндерді ағылшын тілінде оқыта бастамақ

Өңірде үш тілді білім беруге бағытталған жобаның жүзеге асып жатқанына екі жылдай уақыт болды

Бұл уақыт аралығында 7 мың мұғалімнің біліктілігі арттырылды. Оның ішінде 730 мұғалім биылдан бастап оқушыларға ағылшын тілінің В1 және В2 деңгейі бойынша білім бере бастамақ.

Одан бөлек, аймақ басшысы өңірдегі биология, физика, химия және информатика пәндері кабинеттерінің ағылшын тілінде сабақ беруге дайын екендігін жеткізді.

Облыста ағылшын тілінде білім беруге Кембридж Университетінің Халықаралық білім беруді дамыту жөніндегі департаменті көмектесуге әзір.

- Қазір Қазақстан үш тілді білім беру кезеңіне өтуге дайындалып жатыр. Біз жасап берген жоба мектеп бағдарламасымен сәйкес болмақ. Үшінші, сегізінші сынып оқушылары, сонымен қатар, мұғалімдер де дайындықтан өтеді. Ал оқу жылы аяқталған соң, халықаралық емтихан көмегімен білім деңгейі анықталады, - дейді Департамент басшысы Даниель Брукер.


Следующая →