Тишин кенішіндегі апаттан кейін бір машинист жоғалып кетті
Кеше Риддер тау-кен байыту кешеніндегі шахтада тау қазбасы күйреді
Казцинк компаниясы өкілдерінің айтуынша, сол уақытта оқиға орнына жақын маңда тиеп-жеткізуші көліктің жүргізушісі жұмыс істеп жатқан.
- Апат орын алғаннан кейін онымен байланыс жоғалып кетті, - деп мәлімдеді компания өкілдері. - Оқиға орнына тез арада апаттық-құтқару қызметі жетті. Тексеру жұмыстарынан кейін анықталғандай, жүргізуші көлігімен тау үйіндісі астында қалуы мүмкін.
Қазір оқиға орынанда мамандар жұмыс жүргізіп, жоғалған машинистті іздеуде.