Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жеделсатыларды тексеру үшін ақша жинауды міндеттеуде

Облыс орталығындағы көп қабатты үйлердің кіреберістерінде жеделсатыларды тексерту үшін үй тұрғындарының қаражат жинауы керектігі туралы хабарландырулар іліне бастаған

"Егер жеделсатылар жүріп тұрса, оны тексерту үшін тұрғындар неге қаражат жинауы тиіс?" деген сауал тұрғындарды мазалайды. Ал әрбір үйде төлем мөлшері әрқалай. Кейбір тұрғындар ақшасын беріп қойса, басқалары жабдықты тексеру үшін "ақы төлемейміз" деп бас тартуда.

1990 жылдардың басында салынған көп қабатты үйлердің қабырғаларында жеделсатыны тексерту үшін тез арада қаражат жинау керек деген хабарламалар ілулі тұр. Қаражатты пәтер иелерінің кооперативіне тапсыруды міндеттеп отыр. Ал қаражаты төленбеген жеделсатыны тоқтатамыз деп қорқытады.

- Неліктен біз тексертуге қаражат беруіміз керек? Онсыз да ай сайын біз жеделсатының қызметі үшін 400 теңге төлейміз. Енді үйдегі әрбір пәтер иесін 3000 теңгені өткізуге міндеттеп отыр. Ал басқа үйлерде бұл қаражат сомасы басқаша, - деп Қазақстан көшесіндегі үй тұрғыны Татьяна Алексеевна наразылығын білдірді.

Татьяна Алексеевна тұратын үйге қызмет көрсететін пәтер иелері кооперативінің бізге берген мәлімдемесінде қаражаттың сомасы қабат санына байланысты екендігі айтылған. Үйлердің қабаты неғұрлым көп болған сайын тексеру сомасы да аз болмақ. Ал бұл шығын пәтер иелері кооперативінің жалпы шығынына кірмейді. Бұл жеделсатыға қызмет көрсететін ұйымның хабарламасы екен.

- Қаражатты біз тек жеделсатыны қолданатын пәтерлерден жинаймыз. Астыңғы қабаттың тұрғындары бұл соманы бермейді. 9 қабатты үйлердің жеделсатыларын тексеруге 40 мың теңге, 12 қабатты үйлерге 45 мың теңге қаражат керек. 5 мың теңге ғана айырмашылығы бар, - деп түсіндірді ПИК.

Өскемендегі жеделсатыларға қызмет көрсететін ұйымдардың тек біреуі ғана тексеру жүргізеді.

- Жеделсаты стратегиялық нысан болып табылады. Заң бойынша, егер жеделсатылар 25 жылдан көп қызмет көрсетсе, әрбір үш жыл сайын тексеріліп тұруы қажет. Біз жыл сайын 25 жыл болмаған жеделсатыларды сынап отырамыз. Ол үшін бұрын қаражат керек болмаған. Енді толық тексеру үшін үлкен шығынды қажет етеді, - деп "ЛИФТЭК" ЖШС мамандары тексерудің негізссіз еместігін, барлығы Заң бойынша екендігін айтады.

Сонымен бірге, мамандар жеделсаты тұрғындардың меншігіндегі жабдық екенін, сол себепті де олардың қаражаты есебінен тексерілетінін жеткізді.

Шығындар бұдан да көп болуы мүмкін. Себебі жеделсатыларды тексергеннен кейін мамандар оны жөндеу туралы қорытынды шығарады.

- Біз ПИК-ке ақауларды түзеу үшін нұсқаулық береміз. Егер жеделсаты тұрғындар өміріне қауіп тудырса, жөндеуге дейін жеделсатының жұмысы тоқтатылады, - дейді "ЛИФТЭК ЖШС мамандары.

Әрбір үйдегі жеделсатыны тексеру үшін кесте құрылған. Егер тұрғындар белгіленген уақытқа дейін қаражатты жинамайтын болса, жеделсатыны, тіпті, тексеруге дейін де тоқтатпақ.

- Бізді Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары келіп тексеретіндіктен, осындай шара қолдануға мәжбүрміз. Егер жеделсатылар тексерістен өтпесе, бізге айыппұл салынады, - дейді қызмет көрсететін компания.

Айта кетейік, бұндай жұмыстарды 2018 жылдың сәуір айында Ақтөбе қаласында орын алған қайғылы жағдайдан кейін жүргізе бастаған. Еске салсақ, тексерістен өтпеген жеделсатыда жас әйел қаза тапқан болатын.

Следующая →