Өскемен қоқыстың астында қалды
Екі аптаның ішінде Экологиялық қауіпсіздік орталығына қоқысты рұқсатсыз төгуге байланысты халықтан 70 шағым түскен
Ал күні кеше экология сұрақтары бойынша сарапшы топтың отырысы өтті.
Кездесу барысында бірнеше сұрақтар қарастырылды. Алайда ең маңыздысы – рұқсатсыз орындарға қоқыс төгу. Мамандардың айтуынша, бұндай қоқыс орындарының саны күн сайын артып келеді.
- Жалпы 2018 жылы 290 шағым түскен, - дейді ЭҚО маманы Елена Полянцева. - Ал кейбіреулеріне орталық мамандары барып, рейдтер өткізген. Нәтижесінде мемлекеттік органдарға 16 үндеу жолданды. Бірақ мәселе сол қалпы қалып отыр.
Қыркүйек айында ЭҚО мамандары мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен кездесіп, шешімді бірігіп табу үшін кездесу өткізеді.