Өскемен автобекетінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Қала әкімшілігі автобекеттің шекарасын белгілеп, қоршау орнату туралы шешім қабылдаған
ADAL Өскемен автобекетінің директоры Алмас Бейсенғазиннің сөзіне сүйенсек, бұл шаралар шекараны қоршау үшін жасалуда.
- Біз жолаушылар көлігі, жеңіл көліктер мен адамдар үшін бөлек-бөлек алаңдар жасамақпыз, - дейді директор. - Жұмыстар аяқталғанда автобустар, көліктер мен жаяу жүргіншілер бір-бірімен селбеспейтін болады. Әрқайсының өз қозғалу аймағы болады.