Өскемен
пасмурно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -12°
  • Ақтөбе
    -8°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -14°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    -5°
  • Туркестан
    -4°
  • Шымкент
    -7°
$
523.86
544.34
¥
71.77
5.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

Жаңа сауда үйінің құрылысы тұрғындар наразылығын тудырды

Өскемен қаласында кезекті сауда үйі көпқабатты тұрғын үйдің тура жанынан тұрғызылуда

- Біз құрылысқа қарсымыз, ол үшін бізден ешкім рұқсат алған жоқ, - дейді үй тұрғындарының атынан Қарлығаш Атанбаева. - Бізге түсетін күн көзін жауып тастайды. Тіпті, өрт сөндіру көлігі де кіре алмай қалады. Бұл үйде жалғызбасты қариялар мен балалар көп. Жедел жәрдем көлігінің өтуіне де қиындық тудырады.

Ал құрылыс нысанының мердігері барлық рұқсат қағаздарының түгел екенін, сонымен қатар тұрғындар рұқсаты да беріліп қойғандығын айтады.

Ал тұрғындар 2008 жылы рұқсатты үйдің бірінші қабатында дәріхана салуға бергендіктерін алға тартады. Ал сол кезде рұқсат қағазға қол қойғандардың көбі қазір ол үйден көшіп кеткен.

Өскемен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі хабарлағандай, ғимаратты салуды жобалау және құрылысының архитектуралық-жоспары 2015 жылы беріліп қойған.

- Құрылыс басталмас бұрін жұмысшы жоба Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасынан мекемеден тыс сараптамадан өтуі керек, - деп мәлімдеді Өскемен қалалық сәулет, қала құрылысы басқармасының басшысы Дәурен Қасымов.

Алайда бақылау жүргізетін мекемеден жауап алу мүмкін болмады. Тіпті, тиісті жауапты мекемеден тұрғындардың өздері де ала алмаған көрінеді.

Құрылысы басталатын ғимарат пен тұрғын үй арасы құрылысшылардың айтуынша 12 метр. Ал шын мәнінде ара қашықтық екі шақырым ғана. Ал заң бойынша ғимараттар арасындағы қашықтық 10 метр болуы шарт.

Өскемен қалалық ТЖБ баспасөз хатшысы Марина Лискованың айтуынша, өртке қарсы санитарлық техникалық талаптардың сақталмауына құрылыс иесі жауапты.

Әзірге тұрғындар қол жинап, әкімшілік пен өзге де құзырлы мекемелерге жіберуде. Нысандағы құрылыс жұмыстары жалғасуда.




Следующая →